Солтүстік Қазақстан облысында тағы да 5000 адамның зейнетақысы өсті

Оның айтуынша, ҚР әңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2003-жылғы 2-қыркүйектегі қосымша хатына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында маусым айындағы зейнетақы өсіру науқанына қамтылмай қалған тағы 14874 тұрғынның зейнетақы жөніндегі істері қайтадан қаралған. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті төрайымының айтуынша, "бұл - негізінен инфляция салдарынан жалақы мөлшері біршама артқан 1992-1996-жылдар аралығында зейнет демалысына шыққандар" болмақ. Маусым-қазан айлары аралығындағы өсіммен белгіленген зейнетақыларын зейнеткерлер таяу уақыттарда алады.

Ғ.Балтабаеваның мәліметіне жүгінсек, облыс бойынша 68 мың зейнеткердің зейнетақысы өсті. Осындай өскен зейнетақыны төлеу үшін ай сайын 153 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысы қажет болуда.