Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, семинарға Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген кедендік органдардың 40-тан астам қызметкері қатысады. "Жұмыстың бірінші күнінде семинарға қатысушылар "Жаңажол" кедендік постындағы тауар тасымалдауды бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің құрылғыларының жұмысымен танысады",- деп хабарлады баспасөз қызметінедегілер.
Ертең, 5-қазанда, семинарға қатысушылар Павлодардың уақытша сақтау қоймаларындағы кедендік органда атқарылып жатқан бақылау процедурасын тікелей көре алады.
Баспасөз қызметінедегілердің түсіндіруінше, тауар тасымалдауды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі - заманауи электрондық құрылғылардың кешені болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті