Солтүстік Қазақстан облысында тумысынан жүрегі ақаулы балаларға операциялар жасауға 29,5 млн теңге бөлу жоспарланған

Жалпы алғанда Тюмень облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен ынтымақтастық жылдарында бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 132 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды агенттікке денсаулық сақтау департаментінен.

Ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бері облыстық балалар ауруханасында жұмыс істеген бірнеше күнде тюменьдік кардиологтар 150 балаға кеңес беріп, 8 операция жасады. Жалпы тексеруден өткен 19 балаға операция жасау қажет.

Жалпы алғанда облыс бойынша қазір 170 балаға хирургиялық операция жасау қажет.

Кейінгі жылдары бес жасқа дейінгі балаларға операция жасалуда.

Биыл Тюмень облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен ынтымақтастық тек балалар кардиохирургиясынан абсқа салаларда да дамиды.

Петропавловск қалалық екінші ауруханасының базасында облыс бойынша жалғыз кардиохирургиялық орталық ашу межеленген.