Мекеме ақпаратына сәйкес, өрт 19 қазанда 00 сағат 49 минутта жеке меншік жер үйде 110 шаршы метр аумақта шыққан. Өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды.
"Өртті ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметі 03 сағат 20 минутта сөндірді. Өртті сөндіруге 12 адам мен 3 техника жұмылдырылды", - деп түсіндіреді министрліктегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті