Солтүстік Қазақстан облысында түрлі қылмыстары үшін іздеуде болған 14 адам ұсталды

""Розыск" іс-шарасы жүргізілген 3 күнде түрлі қылмыстар жасаған 14 адам ұсталды және хабарсыз кеткен 13 адам табылды", - деді Д. Бекенов.

"Біз Өзбекстан азаматын ұстап, прокурордың санкциясымен жеке басын куәландыратын құжаты болмағаны үшін қамауға алдық", -деді полицей.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД -нің ақпараттық-техникалық қызметі басқармасының базасындағы тексеру-тектеулер барысында Өзбекстан азаматының іздеуде жүргені анықталды. 2004 жылдан бері оны РФ Серпухов аудандық ІІБ РФ Қылмыстық Кодексінің 119-шы бабы бойынша (өлім қаупін төндіру немесе денсаулыққа ауыр зақым келтіру) қылмыс жасағаны үшін іздестіріп жатқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті