Ұсталғандар мініп келе жатқан "ГАЗ-66" автокөлігін тексерген кезде атып өлтірілген үш еліктің өлігі мен үш тік оқпанды және бір кеспе карабин табылып тәркіленді. Ұсталған топта қару ұстауға рұқсат болған жоқ. Сондай-ақ, облыстағы қыстық аң аулау маусымы 1-қарашада басталатындықтан олардың қолында аң аулауға да рұқсат жоқ болып шықты.
В.Балахонцевтің айтуынша, бұл - жыл басынан бері тіркеліп отырған елікті заңсыз аулауға қатысты төртінші оқиға. Браконьерлік салдарынан шеккен шығын көлемі 261 мың теңгені құрады. Алайда, ұсталғандар еліктердің өлігін тауып алдық деген уәжді алға тартып, кінәларын мойындамай отыр. Дейтұрғанмен, өз күдіктеріне сенімді орман және аң шаруашылығы басқармасының мамандары іс материалдардын ІІБ-на қылмыстық іс қозғау мақсатымен тапсырды.