Солтүстік Қазақстан облысында ұсталған радиоактивті жүк тиелген автокөліктің жолдама құжаттарында радиациялы екендігі көтсерілмеген - Кедендік бақылау департаменті

""Эко-эксперт" сынақ орталығы 2007-жылдың 14-шілдесінде берген дозиметрлік бақылау хаттамасына қосымшаға және Қарағанды облыстық әкімшілігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті берген радиоактивтік ластаушы заттары жоқ деген анықтамаға сәйкес Теміртаудан шығатын кезде бұл автокөліктегі қара және түсті металл қалдықтарының радиоактивтілігі болмаған", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде кеше тіркемесіне жалпы салмағы 20 тонна көлемінде болат, мыс, алюминий металдарын тиеп алып Қазақстаннан Германияға бет алған "Рено" маркалы автокөлік ұсталды. Ал жүк Нидерландыға жеткізілуге тиіс болған. Радиациялық бақылау нәтижесі жүктің гамма-фоны шектеулі мүмкін шамадан 12 есе артық екенін көрсетті.
Қазір жүк тиелген автокөлікті Петропавловск полициясы күзетке алды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті