Солтүстік Қазақстан облысында үстіміздегі жылы 800 мың гектар бидай алқабы түрлі ауруларға шалдықты

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында егістік алқаптарға арам шөп шығу тауқыметі де кездеседі. Алдағы жылы жарты миллионға жуық алқапты гербицидтермен өңдеу көзделіп отыр. Ю.Коломеецтің айтуынша, бұл мақсатқа 88,6 мың гектарды өңдеу үшін мемлекеттен субсидия бөліп, "Авадекс" деп аталатын препарат сатып алу жоспарда бар. Сондай-ақ, күзден бері 396,4 мың гектар алқап арам шөптен тазарту үшін лущильникпен өңделді. Бұған қоса 2004-жылы субсидия есебінен дәнді дақылдардың вегетациялық маусымында алқаптарды өңдеу үшін препараттар алу, сондай-ақ, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өз есебінен басқа да препараттар алып пайдалану көзделген.