Кедендік бақылау департаментінің ақпараттарына сүйенсек, 22-қазанда Ресейге бет алған "Ауди В-4" көлігінің жүргізушісінің сөмкесін тексеру барысында кедендік декларацияда көрсетілмеген сары және сұр түсті зергерлік бұйымдар салынған 4 дорба табылған. Ұсталғанның айтуынша, онда бұрын қолданылған алтын және күмістен жасалған зергерлік бұйымдар болған. Атап айтқанда, алтын сырғалар, сағаттар, алқалар, сырғалар (барлығы 63 зат), сонымен қатар, сұр түсті 36 зергерлік бұйым табылған.
Қазіргі уақытта зергерлік бұйымдар металдың шығу тегін, салмағын және құнын анықтау үшін сараптамаға жіберілген, деп түсіндірді Кедендік бақылау департментінің баспасөз қызметіндегілер.
Кеденшілердің ақпараттарына сүйенсек, тек 2007 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы 48 қылмыстық іс қозғаған, оның 25 экономикалық қылмыстармен күрес желісі бойынша. Аталмыш қылмыстық істер бойынша жалпы құны 65,8 млн теңгені құрайтын контрабандалық тауар тәркіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті