Солтүстік Қазақстан облысында жай үйдегі өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

Кеше кешке Булаево қаласындағы бір жай үйде өрт шыққан. "81 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 51 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйелдің мәйіттері табылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі екі сағатта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті