Солтүстік Қазақстан облысында жанармай қымбаттады


Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстанның Павлодар және Ресейдің Омбы мұнай өңдеу зауыттары бензин тасымалын тоқтатқан. Қазіргі уақытта олар тек Оңтүстік Қазақстан мен Мәскеу облыстарын қамтамасыз етіп жатыр. Өйткені ондағы зауыттар жөндеу жұмыстарына жабылған. Сол себепті жергілікті операторлар жанар-жағармайды Татарстан Республикасынан қымбатқа сатып алуға мәжбүр. Облыстық әкімдік бағаны реттеу бойынша тиісті шараларды қолға алды. Дегенмен кей бекеттерде АИ-92 маркасының литрі 133-135 теңге аралағында.