Солтүстік Қазақстан облысында жаңа түсімнен 13 тонна астықты ел аумағынан шығарып әкетпекші болған контрабандашы ұсталды

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл шекара отрядының учаскесінде жаңа түсімнен 13 тонна астықты ел аумағынан шығарып әкетпекші болған контрабандашы Қазақстан азаматы ұсталды.

Бұл дерекке қатысы іс пен жүк тексеру мақсаттары үшін кеден қызметкерлеріне тапсырылды.
Сондай-ақ, өткен екі тәулікте шекарашылар Қазақстан-Қытай шекарасында еліміздің мемлекеттік шекарасын бұзған Қытайлық 5 азаматты ұстады. Олар еліміз аумағына заңсыз аң аулау үшін енген көрінеді.