Солтүстік Қазақстан облысында жер үйдегі өрттен екі бала қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылында 29-наурызда 2 сағат 50 минутта жер үйде 100 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 7 және 11 жастағы екі қыздың мәйіттері табылды. 56 жастағы бір әйел түрлі дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы 6 сағат 30 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті