Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Жол апаты 27-қазанда Тайынша қаласында болған. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі алдымен жаяу жүргіншіні қағып өтіп, артынан көлігін аударып алды. Соның салдарынан көлік қағып кеткен 12 жасар қыз оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ "Ауди" автокөлігінде отырған 16 жасар бала да қаза тапты. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.