Солтүстік Қазақстан облысында жұлдызқұрттың таралуы нағыз апатқа ұрындыруы мүмкін

Оның ақпаратына сүйенсек, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында табиғат қорғау құрылымдары үшін ағаштарды заңсыз кесу ең өзекті мәселе болған. облыста орман алқабының 556 куб метрін заңсыз отаудың 183 оқиғасы тіркелген. Шығын жарты миллион теңгеден асып кеткен.

"Ал биыл жібек құрты мамандардың бас ауруына айналуы әбден мүмкін. Мысалы, былтыр жұлдызқұрт Солтүстік Қазақстан облысының 80 мың гектар орман алқабына тараған. Ал оның 19 мың гектары ғана химиялық құралдармен өңделген. Жағдайға сараптама жасай отырып, мамандар бір ағашқа қазір 12 мың жұлдызқұрты келетінін есептеп отыр", - деді Е. Жаңатаев.

Сонымен бірге, 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жабайы аңдарды аулау ережесінің 364 бұзылу оқиғасы тіркелген. Орманды қорғау қызметінің қызметкерлері 1,5 млн теңгеге шағым түсірген. Заңсыз аң аулаудың 9 оқиғасы облыстың жануарлар қоры үшін 19 қарақұйрық, 1 бұланның кемуіне ұшыратқан. Браконьерліктен келген шығын 2 млн теңгені құраған. заң бұзушыларға қарсы 8 қылмыстық іс қозғалған.