Caravan Logo

Солтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік ұйымдарда 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік ұйымдарда 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды

"Жылдың бірінші жартысында қаржылық бақылау инспекциясының мамандары 247 бюджеттік ұйым мен мекемені тексерді. Тексерулер нәтижесінде 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды", -деді З.Қапарова.

"Жергілікті бюджет бойынша білім беру мекемелерінде 479,6 млн теңгенің, денсаулық сақтау мекемелерінде 215,5 млн теңгенің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты мен автокөлік жолдары саласында 153,6 млн теңгенің заң бұзушылықтары анықталды", -деді ол.

Құқық қорғау органдарына 179,2 млн теңгенің 97 инспекциялық материалдары жолданды. Осы материалдардың негізінде 26 қылмыстық іс қозғалып, оның 9 сотқа жолданып, 2 лауазым иесі сотталды.

Сондай-ақ, бюджет қаржысын тиімсіз, орынсыз және мақсатсыз жұмсағаны үшін 150 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.