Солтүстік Қазақстан облысындағы егістік алқаптарының тең жартысынан астық орылды

Қазіргі жағдаймен 46 процентті құрайтын ең жоғары астық ору көрсеткіші Тимирязев және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда тіркеліп отыр. Ал Мамлют және Қызылжар аудандарында тиісінше 10 және 9,2 процентті құрайтын ең жоғары өнімділік көрсеткішіне қол жетті. Облыс бойынша орташа өнімділік 8,4 процентті құрайды.

Облыста қажетті тұқым қорының 25 проценті әзірленді. Тұтастай алғанда ауылшаруашылығы және жер қатынастары департаментінің мамандары түсім жинау науқанының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, шаруашылықтардың техникамен және жанар-жағармаймен ойдағыдай қамтамасыз етілгенін атап көрсетуде. Күн райы бұзылмаған жағдайда Солтүстік Қазақстан облысы түсім жинау науқанын 15-20-қыркүйекке дейін аяқтамақшы.