Сөйтіп, еліміз бойынша Алматы мен Павлодардан кейін үшінші болып Петропавл қаласы жоғары дәлдікпен зерттеу жүргізетін осындай жабдыққа ие болды. Бұл жабдық сүт безінде қатерлі ісік дертінің бар-жоқтығын анықтау үшін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, аталмыш дерттің алдын алуда да қолданылады. Маммограф көмегімен 5 минутта нақты диагноз қоюға болады.
Маммограф жұмыс істей бастаған алғашқы төрт күнде 11 әйел зерттеуден өтіп, олардың үшеуінен қатерлі ісік дертінің алғашқы белгілері анықталды.