Caravan Logo

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық жүгі бар автокөлік ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық жүгі бар автокөлік ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданындағы "Жаңажол" кеден бекетінде 20 қазанда радиациялық бақылаудан өту барысында 20 тонна тот баспайтын құрыш тиелген тіркемелі "Мерседес" көлігінің гамма фонының деңгейі "шектелген нормадан счет/фон каналы бойынша: 1,1; нейтрондық канал бойынша - 2,5 екені анықталды".

Жүк Өскеменнен Литваның Лентварис қаласына бет алған. Автокөлік тұраққа қойылып, күзетке алынып, қауіпсіздік белгісі қойылды.