Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Мәскеу үкіметінің өкілдерін қабылдады

Былтырғы жылдың қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров пен Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужков түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Ал 4-наурыз, жұмада өткен кездесуде Т.Мансұров пен С.Бабурин агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен жұмыстардың оң нәтижесін атап өтті. Мәселен, "Трансавто" компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында табысты іс жүргізіп, астық өсіру, өңдеу және оны Мәскеуге тасымалдаумен шұғылданып келеді. Келісім шеңберінде 2004-жылы Мәскеуге Солтүстік Қазақстан облысынан жоғарғы сапалы 480 тонна бидай жөнелтілді. Кездесуде атап көрсетілгеніндей, Мәскеуліктер бұл көлемді арттыра түсуден мүдделі.

Мәскеулік өкілдер сондай-ақ Ресей астанасына мал шаруашылығы өнімдерін алуға қызығушылық танытып отыр. Т.Мансұровтың айтуынша, әзірге аймақта мал шаруашылығы жеткілікті қарқынмен дамымай отырғанымен, өсу перспективасы бар. Кездесуге қатысқан "Мал өнімдері корпорациясы" ЖАҚ-ның президенті Керімжан Бижановтың айтуынша, тек Мәскеу ғана емес, Ресейдің басқа да көптеген аймақтары Қазақстаннан экологиялық таза ет өнімдерін алуға қызығушылық танытуда. К.Бижановтың айтуынша, биылғы жылы елімізде салынады деп межеленген үш мал сою цехының бірі Солтүстік Қазақстан облысында салынады.