Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Мәскеу мэрі өзара түсініктік және ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

Келіссөздер барысында Ресей астанасы мен Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланды. Тараптар бұл салада мол тәжірибе жинақталғанына тоқталды. Солтүстік Қазақстан облысы былтыр Мәскеуге 360 мың тонна бидайдың жоғары сапалы сорттарын шығарды. Биыл облыс Ресей астанасына шығарылатын жоғары сапалы бидай көлемін арттыра түсуді көздеп отыр.

Сонымен бірге кездесуде денсаулық сақтау, ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қатысты пікір алмасылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Тайыр Мансұров пен Юрий Лужков өзара түсініктік және ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.
Журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Мәскеу мэрі экономикалық және гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдетуге қатысты жоспарлармен бөлісті. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысында ЗИЛ 5301 автокөліктерін құрастыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Сонымен бірге Ю.Лужков екі ел мемлекет басшыларының алдағы жылды Ресейдегі Абай жылы және Қазақстандағы Пушкин жылы деп жариялауға ниет білдіріп отырғанын растады. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің 2005-жылдың шілде айында Астанада өткен кездесуінде осындай келісімге қол жетті. Ю.Лужков Ресей астанасында Абайға ескерткіш ашу бағытында іске асырылып жатқан бірлескен шаруалардан журналистерді хабардар етті.
Өз кезегінде Қ.Көшербаев пен Т.Мансұров Мәскеу мэріне Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін тындырып жатқан белсенді істері үшін ризашылық білдірді. Әкім сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді.