Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жол апатына ұшырады

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат сәрсенбі күні кешқұрым болған. Аймақ басшысы мінген «Мерседес-бенц» көлігі Жезқазған-Петропавл тас жолының 951-ші шақырымында «Лада приора» көлігімен соқтығысқан.

С.Ескендіровтің өзі дін-аман. «Лада» көлігіндегі жолаушы әйел жарақат алып ауруханаға жеткізілді.

Тексеру нәтижесінде жүргізушілердің екеуінің де спиртті ішімдік ішпегені анықталды.


«Жол апаты қолайсыз ауа-райы салдарынан болды деген болжам бар», - дейді баспасөз қызметіндегілер.