Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны 6 мың метр телефон кабелін ұрлаған күдікті деп танылуда

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ауыл тұрғындары екі түннің ішінде 6 мың метр сымды кесіп үлгерген, оның мысын олар түсті металл қабылдау орнына тапсырған.

Кдіктілер ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ұрлық жөніндегі 175-ші бабының 2- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, шығын көлемі 80 мың теңгені құрады.