Республика ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Арман Тіленшин Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды. Жаңа басшыны депаратмент ұжымына ҚР ішкі істер вице-министрі Олег Федоров таныстырды. Ол А. Тіленшиннің қандай қиын мәселені болмасын шешімін таба алатын сындарлы басшы ретінде таныла білді, деді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, А. Тіленшин ҚР ІІМ-нің Қарағандыдағы жоғары мектебін, ҚР ІІМ академиясының басшылық құрамын дайындау институтын бітірген.
Бұдан бұрын А. Тіленшин ОҚО ІІД төрағасының орынбасары қызметін атқарған.