«Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің тамаша өтуі Қазақстанның халықаралық беделін көрсетті. VІІ қысқы Азиада ойындары да еліміздің халықаралық деңгейде мойындалуының дәлелі болады», - дейді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Виктор Бондаренко.
В.Бондаренконың ойынша, қазіргі таңда Солүстік Қазақстан облысының конькишілері, атап айтқанда, халықаралық санаттағы спорт шеберлері Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Татьяна Сокирко Азиада ойындарына қызу дайындалып жатыр. Азиада ойындарына өткен жылы Қазақстан чемпионаттары мен басқа да сайыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізген солтүстікқазақстандық спортшылардың тағы бір тобы қатысуы мүмкін.