"Өрлітөбе" шекара бақылау бөлімшесінде шекарашылар Павлодар - Омск бағытындағы автобусында 81 мың Ресей рублі көлеміндегі контрабандалық ақшаны алып өтпек болған Қазақстан Республикасының азаматын ұстаған",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, шекарашылардың ақпараттарына сүйенсек, Петропавлдың шекарашылар отрядының бақылау бөлімшесінде Қарағанды - Мәскеу бағытындағы № 83 поездында Қазақстанның екі азаматы құрықталған. "Аталмыш тұлғалардан тексеруден жасырылған контрабандалық ақша - 13 300 АҚШ доллары мен 40 мың Ресей рублі табылып, тәркіленді",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті