Солтүстік Қазақстанда Алматы-Екатеринбург тас жолын еріген қар суы басты

«Еріген қар суы салдарынан республикалық тұрғыдағы Екатеринбург – Алматы жолын су басты», деп  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев мәлімдеді.

Су басқан жерде жол полициясы көліктерді оқиға орнынан үш км жердегі Тоқсан би ауылы арқылы бағыттауда.