Солтүстік Қазақстанда алты жасар бала мен оны құтқармақ болған өгей әкесі суға кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"10 шілдеде Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылынан 3 шақырым жерде жергілікті тұрғындар 6 жасар өгей ұлын құтқарамын деп Есіл өзеніне батып кеткен 1998 жылы туған ер адамның жансыз денесін судан шығарды. Олар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Құтқарушылар баланың денесін келесі күні тапты", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сол күні Есіл өзенінде Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынын іздестіру жұмыстары жүргізілді.


"Ол 9 шілде күні кешке достарымен бірге өзен жағасында болып, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Құтқарушылар мәйітті судан шығарып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Өлімнің себебі анықталуда", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.