Солтүстік Қазақстанда аңшы мылтығы мен оқтарды еліне алып өтпек болған ресейлік азамат ұсталды


Оқ-дәрі мен мылтықты «Жаңажол» өткізу бекеті арқылы Ресей азаматы Лада көлікімен алып өтпек болған.
Көлікті тексеру кезінде оның жеке заттары салынған сөмкеден мылтық пен көп мөлшерде оқ-дәрілер табылған.
Осы факті бойынша іс қағаздары құқық қорғау органдарына жіберілді. Тексеру жүруде.