Солтүстік Қазақстанда "Автобус" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында 137 заң бұзушылық анықталды

Оның ішінде, көліктің техникалық жағдайының нормативтік талаптарға сәйкеспеудің 44 оқиғасы, техникалық тексеруден өткізілмеген көлікті пайдаланудың 38 дерегі, көлік салонын өзгертудің 20 дерегі бар. Жолаушылар көлігін мас күйінде басқарғандары үшін 3 жүргізуші жазаланды. Мас жүргізушілерді көлік басқаруға жіберген ұйымның 5 жұмысшысы да жазаға тартылды.

"Автобус" операциясының соңғы күні жол полицейлері көлік тасымалымен айналысатын ұйым басшыларымен кездесті. Мұнда операция қорытындысы қарастырылып, ұсыныс, кеңестер айтылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.