Caravan Logo

Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты

Алдын ала мәлімет бойынша, 51 жастағы IVECO көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне  шығып кетіп, "ГАЗ 330202-14" көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан IVECO жүк көлігі аударылып, "ГАЗ" автокөлігі бүлінді. 

Департаменттің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Жол апаты болған жерде жергілікті полиция қызметі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз еткен.