Солтүстік Қазақстанда Есіл өзенінің көпірін су басып қалды

Новоникольск ауылы маңындағы көпірді басқар судың биіктігі 165 см жеткен, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев мәлімдеді.

16 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск жолының бір бөлігі мен Петропавл маңындағы Заречный ауылының көлік жүретін жолдарын су басу қаупі бар.

Ауыл тұрғындарына ауылға апаратын көлік жолдары жабылуы мүмкін екені хабарланған.


Е.Журавлевтің айтуынша, тасқынның ең қауіпті кезеңі 20 сәуірден басталып он шақты күнге созылуы мүмкін.