Солтүстік Қазақстанда Өзбекстан азаматтары мінген автобус аударылды


Кеше Архангельское ауылы маңындағы айналма жолда 69 шетел азаматы мінген «Сетра» автобусы аударылып жол жиегіне шығып кеткен. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әбілсейіт Жолаушин мәлімдеді.
Оның айтуынша, зардап шеккендер жеңіл жарақат алғандықтан ауруханаға барудан бас тартты. Оларға алғашқы дәігерлік көмек көрсетіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Өзбекстан азаматтарының бір бөлігі пойызбен еліне қайтты, қалғаны басқа автобусқа мініп кетті.