Солтүстік Қазақстанда тас жолдарды топан су басып қалды

Кейбір жерлерде елді мекендерге топан суды кіргізбес үшін мамандар тас жолды өздері бұзуға мәжбүр болды. «Қазавтожол» компаниясы өңірдегі осындай он шақты трассаның асфальтін әдейі талқандаған. Кей жерлерде толқын бірнеше метр биіктікке дейін жетті дейді мамандар. Суда тұрған 30-дан астам жолдың бойына қазір арнайы белгілер қойылып, олармен тек күндіз ғана жүруге рұқсат берілген. «Петропавл- Жезқазған» республикалық тас жолы әзірге мүлдем жабық.

Сәбит Башенов, Соколовка ауылының тұрғыны:


-Су деңгейі  25-30 см. Бұрын мен бұл жақта 15 жылдай  қызмет еттім, мұндай суды көргем жоқ . 

Loading...