Солтүстік Қазақстанда туристік әндердің халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Ондағы мәлімет бойынша, фестивалға СҚО, алыс және жақын шетел өкілдері қатысады.

«Фестиваль мақсаты - отбасылық құндылықтарды, туристік әндерді, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ақындық және ән өнеріне баулу; республиканың өңірлері және алыс-жақын шетелдермен мәдени байланысты нығайту; туристік әндерді орындаушылардың шығармашылық шеберлігінің деңгейін көтеру», - деді Д. Тушина.

Фестивальді ұйымдастырушылар - СҚО дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы, Солтүстік Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы, Петропавлдың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Планета» мен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

«Конкурстық әділқазылар алқасында танымал авторлар мен орындаушылар, ақын-әншілер мен композиторлар, кәсіби музыканттар, фестивальдың құрметті қонақтары қатысады», - деді Д. Тушина.

Фестиваль 21 тамызда аяқталады.