Солтүстік Қазақстанда жап-жас полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

 Солтүстік Қазақстан облысында 29 жастағы полицей өз-өзіне қол жұмсады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. .

Қайғылы хабар сейсенбі күні өңірдің әлеуметтік желілерінде тарады. Онда марқұмның әріптесі полицейдің өз-өзіне қол салғанын және басшылығымен арада келіспеушіліктер болғанын айтты.

Полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"15 ақпанда Петропавлда Смирново аудан орталығының тұрғыны жалдамалы пәтерде өз-өзіне қол салды. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Аққайың аудандық полиция бөлімі қызметкерінің өліміне қатысты қызметтік тексеріс бастады," – деді полициядан.


Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың жеке бақылауында.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бапқа сәйкес, егер кінәлілер анықталса, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.