Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен баланың мүрдесі табылды

6 жасар Матвей Буровикті 5 шілдеден бастап іздеп жатыр. Куәлердің айтуынша, бала 16.00-де туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. Старобелка ауылына бала Ресейден анасымен бірге туыстарының үйіне қонаққа келген. Осы күні ТЖД жедел штаб құрып, баланы іздеуге күштер мен құралдар тартылды.

8 шілдеде сағат 13.10 минутта жергілікті тұрғындар Ұлыкөл жағасындағы судан белгісіз себептермен қаза тапқан баланың мүрдесін тапты. Іздеу жұмыстарына 18 бірлік техника, 160-тан астам ТЖД, АІІБ, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысқан.