Солтүстік Қазақстанда жол апаты 4 адамның өмірін жалмады


Жол апаты Жаңажол елді-мекені маңында болды. “Москвич” жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Москвичтегі төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Олардың бірі-құрсағында сегіз айлық шаранасы бар жүкті әйел екен. Ал оның сол көлікте бірге болған күйеуі тірі қалғанымен, әлі есін жиған жоқ. Тойотаның үш жолаушысы да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.