Есірткі тасымалдау арнасын жабуға бағытталған шараға арнаулы қызметтер үш ай бойы қамданды. Қазақстан және Ресей азаматтарынан 7 адамнан құралған топ 4-қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Келлеровка ауылының жанында ұсталған. 16 килограмм есірткі КамАЗ автокөлігінің қосалқы дөңгелегінде жасырылған. Еліміздің оңтүстігінен шыққан автокөлік Петропавл арқылы Новосибирск қаласына бет алыпты. ҰҚКД-нің бағалауынша, "қара базарда" ұсталған героиннің құны 0,5 млн. доллар тұрады.
Департаменттің тергеу бөлімі осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұл ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері көзін жойған осымен төртінші есірткі тасымалдау желісі. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1200 килограмды құрайды.