Солтүстік қазақстандық поляктар ұлттық мейрамдарын атап өтті

Мұндағы поляктар ана тілін ұмытпаған. Ұлттық мейрам күндері атажұрттан өздерімен бірге әкелген дүниелерін көпшілікке таныстырады. Олар 80 жыл бұрын сталиндік қуғын-сүргін кезінде Украинамен шекарадағы даулы жерлерден қоныс аударылған екен. Бір түнде мәуелі бақтарын тастап, қар басқан қазақ жерінен бір-ақ шыққан. Ұзақ жүріс пен аштықты көтере алмаған көбі жолда көз жұмыпты. Аман жеткендеріне қазақтар қол ұшын берген. Сол  мейірімді көрген балалар қазір көнекөз қария. Енді олардың Қазақстаннан кеткілері жоқ. Тіпті поляк жастарының өзі тарихи отандарында білім алса да, ауылдарына қайтып кеп жатыр.

Владислав Галицкий, Ясная Поляна ауылының әкімі:

- Соңғы он жылда тарихи отанымызда 40-тан астам бала жоғары білім алды. Көбі елге қайтып келіп, осы жерде еңбек етіп жүр. Әрине, Польшада қалып қойғандары да бар. Бірақ олар тым аз. Қазір Польшаға қоныс аудару қиын емес. Алайда менің қандастарым осы мүмкіндікті пайдаланып, жаппай көшіп жатыр деп айта алмаймын.

Loading...