Солтүстік қазақстандық қорықтар Бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін - ЮНЕСКО-ның бас хатшысы

"Біз Алматы қаласының әкімі әрі ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетовпен бірге "Сарыарқа" қорық аймағында болдық. Біз оны Бүкіләлемдік табиғи мұралардың тізіміне енгізу туралы мәселе төңірегінде оң шешім қабылдаймыз деп сенемін",- деді К.Мацуура.

Ол сондай-ақ ҚР СІМ-мен кездесуде Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті