«BCEG компаниясының 50 кәсіпорны, олардың арасында жобалау институты мен құрылыс академиясы да бар. Чжу Цидің айтуынша, олардың компаниясы құрылыс индустриясы саласындағы ірі кәсіпорын», - делінген хабарламада.
Ерік Сұлтанов СҚО Батыс пен Шығысты қосатын, Еуропаға, ортаазиялық елдер мен Қытайға шығатын маңызды көлік жолдарының қиылысында ұтымды орналасқанын, сондай-ақ Ресей Федерациясының Омбы, түмен және Қорған облыстарымен шектесетінін атап өтті.
Қытай комппаниясының өкілі жобаға инвестиция салып, қажетті жабдықтарды жеткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Өңір басшысы тиісті ведомстволардың басшыларына қытайлық компанияның қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы аумағында көліктік-логистикалық орталық ашу мүмкіндіктерін қарауды тапсырды.