Солтүстік Қазақстанның қазақ музыкалық драма театрында камералық оркестр пайда болды

Жаңадан 25 адамнан құрылған шығармашылық ұжымда Солтүстік Қазақстан филармониясының әртістері, Петропавлдің музыкалық колледжінің түлектері, белгілі музыканттар бар. Оркестрге облыстың белгілі дирижері Сергей Имашбаев жетекшілік жасайды.

Театр директоры Қуандық Қасымовтың айтуынша, жеке камералық оркестрдің ашылуы шығармашылық ұжымның арманы болатын. Оркестр жыл басынан бері репетицияларын өткізіп, шетелдік және қазақ классиктерінің 40 аса шығармаларын орындауда.

Оркестрдің бірінші концерті өткен аптада өтті. Енді көрермендер театр әртістері мен камералық оркестрдің бірлескен жұмысын тамашалағысы келеді.