Солтүстік Қазақстанның үш ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 43 жастағы Е. Айнабеков Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған. Түрлі кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеу және сауда департаменті басшысының орынбасары болды. ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық басқармасының бастығы қызметін атқарды. Жаңа қызмет алдында Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, Мағжан Жұмабаев ауданының жаңа әкімі 41 жастағы Айдарбек Сапаров Омбының ауыл шаруашылық институты мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді. Ол "Азық-түлік корпорациясының " Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігі директорының орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық басқармасының бастығы қызметін атқарды. Жаңа тағайындаудың алдында СҚО Шал ақын ауданының әкім қызметін атқарды.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Шал ақын аудан әкімдігінің қызметіне тағайындалған 34 жастағы Азамат Әмрин Ақмоланың ауыл шаруашылық институтын бітіріп, экономист менеджер мамандығына ие болған. 2002 жылы СҚО Шал ақын ауданының салық комитетінің төрағасы болып тағайындалды, кейін ҚР Қаржы министрлігінің СҚО бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары болды.