Солтүстік жартышардағы бір жұлдыз «Астана Жұлдызы» деп аталды

«Бұл біз үшін өте маңызды оқиға. Аспанда «Астана Жұлдызы» атты жұлдыз пайда болды. Қазақстан эстрада жұлдыздарының өз жұлдызы бар екенін дәлелдейтін сертификат та қолымызда», - деді ол.

"Ғарыш-Жер" халықаралық жұлдыздар кітапшасында тіркелген 14-ші көлемдегі жұлдыздың (телескоппен көруге болады) орналасқан жері: батысы 09 24 44.34 және шығысы 20 06 15.2.

Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігі «Астана Жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесін» алғаш рет былтыр Астана күнінің 15 жылдығына орай ұйымдастырды. Алғашқы қадамнан-ақ "Астана жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі" Қазақстан музыка өндірісіндегі ең беделді, шоу-бизнестегі ең жарқын жобаға айналды. Былтыр бәйгенің лауреаты атанған танымал әртістер: Роза Рымбаева, "МузАРТ", "Ұлытау", "Musicola", "Kesh You", Маржан Арапбаева және басқалар болды.

"Астана жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі" әлемдегі ең танымал музыкалық бәйгелер ережесіне сай жүргізіледі. Жобаның басты ерекшелігі - жүлдегерлерді таңдаудағы кәсібилік. Отандық музыканың дамуына үлес қосқан өнерпаздарды құрамында 100 кәсіби маман - еңбегі сіңген әртіс, продюсерлер, композиторлар, ақындар, музыка және fashion-өндіріс мамандары, БАҚ өкілдері бар Қазақстанның музыкалық академиясы таңдайды. Дауыс берудің осы жүйесі әлемдік деңгейде қолданылып жүр.