Солтүстікамерикалық корольдік жыланның жұмыртқа салу сәті тұңғыш рет фотоға түсірілді

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов хабарлады.

«Жұмыртқа салу сәтін фотоға түсіруге қол жеткізілді. Бұл үдеріс негізі 12 сағатқа созылуы мүмкін. Әдетте мұндай жыландар 3 жұмыртқадан 12 жұмыртқаға дейін салады. Экзотариумның жұмысшысы Исраил Исаев жыланның таңертең жұмыртқалай бастағанына таң қалған. Өйткені олар жұмыртқаны тек түнгі уақытта ғана салатын болған. Бұл биылдыққа алғашқы жұмыртқалар » - деді М. Сорокоумов.

Оның айтуынша, жыланды мазаламас үшін ол бөлек қорапқа салыныпты. Ал жұмыртқалар 60 тәулікке дейін инкубаторға салынады.