Солтүстікқазақстандық жеңіл атлетші Маргарита Мацко Қытайдағы ХҮІ Азия ойындарында алтын мен күміс жеңіп алды


Осы Азия ойындарына өз бақтарын сынауға Азияның 45 елінен 10 мыңға жуық спортшы қатысты. Маргарита 800 метрге жүгіруден ҚР ұлттық құрамасының қоржынына алтын медаль салған оныншы спортшы болды. Ол сонымен қатар 4х400 метрлік эстафетада күмістен алқа тағынды.