Caravan Logo

Солтүстікқазақстандықтар екі мереке тойлауда

Солтүстікқазақстандықтар екі мереке тойлауда

Мерекенің салтанатты ашылуы сағат 11.00-де Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің алдында, Мағжан Жұмабаев атындағы көшеде болды.

Салтанатты ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров: «Құрметті сотүстікқазақстандықтар! Шын жүрегімнен мемлекеттік мереке Астана күнімен құттықтаймын. Бұл күн тек Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін айтулы күн», - деді.

Петропавл қаласының күнімен қала тұрғындарын шаһар басшысы Нұрлан Әшімбетов құттықтады. Әкім петропавлдықтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосатынын айта келе облыс орталығының тұрғындарына грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.