Солтүстүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері заңсыз айналымнан 500 дана "экстази" таблеткасын алды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдау арнасын жолға қоюшы әрі оны сатушы Петропавловск қаласының орталығында таблеткаларды сатып жатқан кезде қолға түсті.

Сараптама қорытындысы бойынша зат психотроптық зат - метилендиоксиметамфетамин ("экстази") деп танылды. "Алдын ала мәліметке сәйкес, таблеткалар Голландияда жасалған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Есірткі сатушылар оларды Петропавловскіде бір данасын 15 евродан сатпақшы болған. Оларды кейін көңіл көтеру орындарында сату жоспарланған болуы ықтимал", -деді ҰҚКД қызметкері Жанат Нұтпаев.