Сомалиде қос жарылыстан 40 адам мерт болды

Сомалидің оңтүстік-батысында қос жарылыс салдарынан 40 адам ажал құшты. Шамамен 70 тұрғын жарақат алған. Оқыс оқиға Байдабо қаласында болған. Бірінші жарылғыш зат  адамға лық толы дәріхана алдында іске қосылған. Екінші жарылыс соның қасындағы мейрамхана маңында тіркеліпті. Қос шабуылды да жанкештілер ұйымдастырған. Қанды қырғын үшін жауапкершілікті «Аш-Шабаб» лаңкестік тобы өз мойнына алды.